«Джейрандық» Алтынай Жолдыбаева, жағымсыз пікір жазатын табынушыларына ренжулі, себебі оның батыл образдарын көбі түсінбейді. Киіну стилі жайлы, толығырақ Алтынайдың өзі айтып берсін.
Өнерде де өмірде де батыл образдарымен көзге түсіп жүрген кіші Жолдыбаева, гардеробын қандай үлгідегі киімдермен толықтырады?
Алтынай Жолдыбаева, «Джейран» тобының әншісі:
-Бүгінгі менің үстімдегі киім менің таңдауым осы. Біріншіден, маған осы түс қатты ұнайды, екіншіден жаз мезгілі келіп жатыр сондықтан та ашық түсті киімдер киген өте жарасымды. Бұл киімге мен тағы да очки қосар едім. Біз қазір осы дүкеннің ішінен осы киім үлгісіне жарасатын, сөмке қараймыз. Кеттік!
Ал, Алтынайдың таңдаған образдарына кез-келген сәнқой қол жеткізе алады.
Алтынай Жолдыбаева, «Джейран» тобының әншісі:
-Қатты қымбат тұрады деп айта алмаймын. Қолжетімді бағада!
«Джейрандық» ару өткен жылдың трендін қайта киюді құп көрмейді. Ол тіпті, сәннен қалған дүниелерді де тізіп айтты:
Алтынай Жолдыбаева, «Джейран» тобының әншісі:
-Осы жылы, үлкен тақадағы, туфлилар немесе басқа да аяқ-киімдер қазір тренде емес. Қазір трендте мынандай кішігірім тақа, өте ыңғайлы, өте әдемі. Жабысып тұратын шалбарлар қазір сәнде емес. Оған да көңіл бөлу керек.
Адам көркі - шүберек! Алтынай бұл тұрғыда тым жинақы жүруге қарсы. Атышулы әншінің киімдеріне қатысты өз ойы бар:
Алтынай Жолдыбаева, «Джейран» тобының әншісі:
-Әр кезде әр түрлі көңіл-күй болады. Бір кезде үстіңе бір салбыраған киім киіп алғың келеді шыны керек. Білмейм менің ойымша, әрі тәтті қылып, неге кимеске!
Тәтті дегені - Алтынайдың эпатажды сахналық образдары екен. Ал, әнші жақын күндері «Джейран» тобымен гастрольдік сапарға аттанбақ