Лос-Анджелесте «Суперотбасы – 2» анимациялық картинасының тұсауы кесілді. Бұл қаһармандар жанұясының 14 жылдан кейінгі басқосуы еді. Неліктен, көрермен көзайымына айналған картина жанкүйерлерін ұзақ күттірді?
Қызыл кілемде табысқан картина актерлері аса көңілді. Себебі, бұл олардың 14 жылдан кейінгі бірінші бас қосу еді. «Суперотбасының» алғашқы бөлімінің жарық көргеніне де, дәл осынша уақыт өтті.
Ал, үлкен экранға қайта оралған жанұя мүшелері, қаһармандық міндетінен әлі де бас тартпақ емес. Енді, отанасы Хелен бүлдіршіндерін күйеуі Бобтың қарамағына қалдыруды жөн көрген. Суперана, мұндай қылығымен жұбайын қарапайым өмірге баулуды көздейді. Алайда, мұндай өзгеріс ерекше отбасыға, аса жақпағаны анық. Оның үстіне, ерлі-зайыптылар балақай Джектың, қаһармандық қабілеті мен талантының көзін тани алмай дал.
Холли Хантер, актриса:
-Лента қаһармандық қана емес, отбасылық өмірді де баяндайтындықтан көпшілікке қызық деген сенімдемін. Сондықтан, фильмнің жалғасы да көрермен көзайымына айналу тиіс.
Ал, отандық көрермен мейірім мен батырлыққа толы анимациялық лентаны, маусымның 14-нен бастап тамашалай алмақ!