Жарнамасы жер жарған «Q-рор Fest» жобасының авторларына, жанкүйерлер тобы қатты ренжулі. Өйткені, Алматыда қазақ поп музыкасының тыңдармандары тағатсыздана күткен кеш өтпей қалды.
Афишада көрсетілген кью-поперлердің ішінде, алғашқы болып «91» ұжымы, кейін Зируза бұл фествиальде ән салмайтындарын желіге жарияласа, сәл уақыттан соң өзге өнерпаздар да қатыспайтындарын хабарлаған! Q-рор Fest-те өнер көрсетуі тиіс топтардың тізімінде, «Кристалздың» қыздары да бар еді. Бірақ, бұл бұрымдылар да бой көрсетуден бас тартқан.
«Crystalz» тобы:
-Біздің білуімізше адамдар аз жиналды дейді. Сондықтан солай... Жазып жатыр неге «Кристалз» тобы болмайды деп. Басқа қаладан келген фанаттар да болды. Бірақ, өкінішке орай осындай жағдай болып қалды.