Бейонсенің «жұлдыз ауруынан» арылу үшін психологқа жүгінгені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде Бейонсе – әлемді мойындатқан әншілердің бірі. Өнер иесі кезінде танымалдылыққа мас болып, тіпті өз жақындарын да ұмытуға шақ қалған екен. Анасының айтуы бойынша Бейонсе, жұлдыз ауруына шалдығып та көрген! Тек психолог мамандар ғана әншіге дер кезінде көмектесіп үлгеріпті...

Бейонсе 8 жасынан бастап өнерге келген. Қазіргі таңда жеткен жетістіктері де аз емес! Әншінің анасы Тина Ноулз, қызын кезінде психологқа апарғанын айтады. Себебі, кішкентайынан танылған әнші, бірден жұлдыз ауруына шалдыққан екен. Тіпті жақындарын да менсінбей кеткен көрінеді. Бейонсенің анасы, қазіргі таңда қызының бұл дерттен айыққанын айтып қуануда.

***

Дэвид Бекхэм болса, ұлдарының өз жолын кумағанына қатты қапалы. Футболдың арқасында әлемге танылған Дэвид, ізбасарларының аяқдопшы болғанын армандаған екен. Бруклин фотограф болуды қаласа, Ромео тенниске, Круз әншілікке қызығады екен. 6 жасар Харпер ғана доп тебуге құмар көрінеді. Қызының бұл қызығушылығын үзбей бақылап жүретін Бекхэм, енді бар үмітімді Харперге артамын дейді.

***

Дуэйн Джонсон өзі бой көрсеткен кино туындыларды жарнамалап пайда таппақ ниетте. Актер кезекті «Қызыл ескерту» картинасы үшін 22 миллион доллар көлемінде қаламақы алған көрінеді. Ол Universal студиясының талабы бойынша, фильм жарыққа шыққанға дейін, инстаграм парақшасында лентаны жарнамалап отыру тиіс. 104 млн оқырманы бар Дуйэн, әр суретке кем дегенде 1 млн доллар алуды жөн көрген.