Әлемдегі ең танымал телехикаялардың бірі - «Мир Дикого Запада», өз жұлдыздарының қатысуымен кезекті маусымының тұсауын кесті. Картина қаралымы бойынша, кезінде әйгілі «Игра престолов» туындысын да басып озған болатын.
Э́ван Рэ́йчел Вуд, Джеймс Марсден, Бен Барнс. Көптен күткен телехикаяның екінші маусымының тұсауын кесуге, картина жұлдыздарының барлығы дерлік жиналған.
Киногерлердің айтуынша, жанкүйерлері екі жыл бойы сарыла тосқан телехикаяның жалғасы 10 бөлімнен тұрмақ. Онда, андроидттар мекен еткен «Жабайы Батыс Әлемі» паркінің құрылу тарихы баяндалады.
Леонардо Нэм, актер:
-Басында сценарий қолыма тигенде аң-таң күйге түстім. Құмарта оқып шықтым. Расымен өте қызықты! Андроидттар бізге таңсық ерекше әлем.
Сондай-ақ, фантастикалық картинаның жалғасынан, көрермен көкейіндегі «роботтар интеллектуалды ойлау қабілетіне ие ме?» деген сұраққа жауап табады. Адамдар мен андроидтар арасындағы текетірес, лентаның сюжетін одан әрі ширықтыра түспек.
Эван Рэйчел Вуд, актриса:
-Құпияның кілтін табуға жетелейтін фильмдер, менің жаныма жақын. Сондықтан да, кезінде «Остаться живых» картинасын үзбей тамашалаған едім. Енді міне, сол телехикаяны түсірген адамдармен ортақ жұмыс атқарудамын.
Ал, шытырманға толы «Жабайы Батыс Әлемі» телехикаясы, сәуірдің 22-сінен бастап көрерменге жол тартпақ!