Еліміздің киногерлерінің ұсынары тек бұл ғана емес! Мәселен, санаулы күннен кейін, су жаңа «Обалако на крыше» фэнтезиі жарық көрмек. Канн фестивалінде талай төбе көрсеткен аталмыш картина режиссері, көрерменді қалай да таңқалдырамын деп отыр.
Отандық киносаласында қысқаметрлі туындыларымен танылып үлгерген Али Шер Сүлеймен үшін, бұл дебюттық картина болмақ. Режиссердің, үлкен экранға фэнтези жанрымен қадам басуының да өз себебі бар.
Али Шер Сүлеймен, режиссер:
-Біріншіден, сценарийдің өзі фэнтезига айнала бастады түсірген кезде. Екіншіден, жастайымнан ертегілерді жақсы көремін. Күні бүгін, өзімнің ертегі түсіріп көрейін деген жорамалым бар еді. Соны жүзеге асырып отырмыз.
Үлкендерге арнап ертегі түсірген режиссер, көрерменнің сыни пікірінен де қорықпайды.
Али Шер Сүлеймен, режиссер:
-Ертелі кеш, біз бүкіл дүниежүзі түсіріп жүрген фэнтези жанрына біз де кіруіміз шарт қой. Сондықтан, бұл енді алғашқы қадамымыз.
Фэнтези туындының сюжеті бойынша, қиындыққа тап болған Тимур есімді жігіт өмірлік жолынан адасады. Жұмысындағы сәтсіздік пен отбасындағы түсініспеушілік, кейіпкерді теріс қадамдарға да алып келеді. /суицид жасамақ/
Диас Әзімжан, актер:
-Фэнтези болғанымен, бұл жерде қоғамның көптеген проблемалары, ақаулары қозғалады. Және келген көрермен тек қана визуалды эффектерді көрмейді, бұл жерде драма да бар.
Ал, көрерменге таңсық бағыттағы картинада Диас Әзімжаннан өзге, отандық киноның жаңа толқын актерлары төбе көрсетпек.
Диас Әзімжан, актер:
-Бұл да бір енді қызық жағы деп ойлаймын. Бұл актерлердің бәрі дебютпен бастағандықтан барлығы жанып тұрды.
Актуалды тақырыптармен астарланған фэнтези, сәуір айының 26-сынан бастап үлкен экрандарға жол тартпақ!