«Мстители: Война бесконечности» картинасының тұсаукесері де, Канн фестивалінің аясында өтуі тиіс. Оған дейін, танымал лентаның қаһарман кейіпкерлері, Оңтүстік Кореялық жанкүйерлерімен кездесіп қайтты! Сеулдегі бұл жүздесу жағымды сәттерге толы болған деседі.
Мстителидің қаһарман кейіпкерлері, «Марвелдың» адал жанкүйерлерімен қызыл кілемде табысты. Сүйікті актерларын жақыннан көруге құлшынған табынушылардың көптігі соншалық, арнайы алаңқайда ине шаншар жер жоқ.
Ашық аспан астында өткен фан-кездесу барысында, Бенеди́кт Камбербэ́тч, То́м Хи́ддлстон, То́м Хо́лланд қолтаңба таратып, суретке түсуден бір сәтке те босамады.
Парк Сю-Хун, «Marvel» жанкүйері:
-Мен мұнда Том Холландты жақынан көру үшін келдім. Ол өмірде өте сымбатты екен. Енді, «Мсителидің» бұл бөлімінде Томның сомдаған рөлін бақылап отырамын.
Кездесуді тағатсыздана тосқандар арасынан, межелі орынға 24 сағат бұрын келіп алғандары да бар екен.
Том Хиддлстон, актер:
-«Марвелды» субмәдениетке теңеуге болады. Компания күн санап көркейіп, онымен бірге жанкүйерлері де көбейе түсуде. Күллі «Марвел әлемінің» алдында басымды иемін.
Сондай-ақ, ерекше кеш соңында «Мстители: Война бесконечности» актерлары, Сеулде жиналған жанкүйерлеріне корей тілінде алғыс айтуды да ұмытпады.