Канн кинофестиваліне аттанған қазақстандық қандай картина?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жас режиссер Жаннат Алшанованың картинасы, әйгілі Канн кинофестивалінде бақ сынамақ! Оның «Конец сезона» атты қысқа метрлі туындысы, сұрыпталған 2426 үміткер фильмнің арасынан таңдалып алынған көрінеді.

Кинобәйгеге аттанған туынды Канн фестивалінің «Қысқа метрлі картиналар» конкурсынд қатыспақ. Ал, отбасылы әйелдің оқиғасын баяндаған лентада, Роза Хайруллина мен Дулыға Ақмолда төбе көрсеткен.

Әйгілі киножарысқа тек Жанна Алшанованың туындысы ғана түспек емес. Одан өзге, отандасымыз Әділхан Ержановтың «Ласковое безразличие мира» лентасы «Еркеше көзқарас» аталымын жеңіп алуға ниетті.

71-рет өткізілетін Канн фестиваліне дайындық жұмысы қызу басталып кеткен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кинобәйге бұрынғылардан өзгерек болмақ.

Тьерри Фремо, Канн кинофестивалінің директоры:

-Өткен жылы тізімдегі режиссерлер қайталана береді деп көпшілік айыптаған еді. Бұл жолы жаңа есімдерді енгізуге тырыстық. Оның үстіне, жаңа дарындарды табу керек емес пе?

Сондай-ақ фестиваль директоры келген меймандар үшін арнайы дресс-код маңызды екенін басып айтты.

Тьерри Фремо, Канн кинофестивалінің директоры:

-Қызыл кілемге ерлер міндетті түрде смокинг киіп келуі тиіс. Бұл -заң. Екіншіден, салтанат барысында сэлфи жасауға  тиым саламыз. Қанша дегенмен, кілем бойымен жүріп өткен адамдар әдемі болуы керек.

Ал, әйгілі бәйге мамыр айының 8-і шымылдығын түріп, он күн бойы жалғаспақ.