Чемпиондар лигасы өз мықтыларын аңықтап жатқанда, біздің көрермен аптаның үздік картиналарын саралады. Осы жетіде де қазақстандықтар «Первому игроку приготовиться» фильмін сүйсініп тамашалауда. Болашақ саяхатқа шақыратын фантастикалық туындының кассалық табысы қандай?
Екінші апта қатарынан үздік шыққан «Первому игроку приготовиться» картинасы, 87 млн теңгеге жуық пайдаға кенелді. Басты кейіпкер Оуэн Уоттс өзінің бағын сынап, жарысқа қатысуға бел буады. Әлемді қауіптен құтқаруға ат салысқан Оуэннің батырлығын, көрермен әрдайым қолдауға дайын.
Екінші сатыдағы «Тихоокенский рубеж-2» 15 млн теңгеден астам пайда көрді. Жер шарын ғарыштан енген құбыжықтар жаулап алады. Оларды жеңу үшін, роботтардың көмегіне сенім артқан жауынгер жастардың мақсаты - әлемді құтқару. Фильм авторлары әлі де мол табыс табамыз деген сенімде.
Үшінші орында мызғымай тұрған «Кролик Питер» фильмі, бұл уикендте 14 млн теңгенің үстінде табыс тапты. Аталмыш туынды Sony Pictures Animation компаниясының, 2018 жылдағы үшінші жобасы болып табылады. Батыл қояндардың хикаясы әлі де көрерменнің көзайымы болуда.