«Первому игроку приготовиться» картинасы «Тихоокеанский рубеж-2» фильмін басып озды! Фантастикаға толы туындыны тамашалау үшін, қазақстандық көрермен жүздеген миллион теңгені қиналмай-ақ төлеген.. Бұдан өзге ел көңілін тапқан ленталар тізімін тілшіміз таныстырады.
Бұл уик-эндте «Первому игроку приготовиться» картинасы, 197 миллионға жуық қаржымен көш басына шықты. Фильм америкалық жазушы-Эрнест Клайнның романының желісімен таспаланған. Ғылыми-фантастикалық туындыда, 2045-ші жылы компьютерлік ойында өмір сүру үшін, виртуалды әлемге аттанады. Таңғажайып пен тартысқа толы лента, ел көңілінен шыққан сияқты.
Бұл жолы «Тихоокеанский рубеж-2» картинасының көрсеткіші бірден төмендеді. Соған қарамастан екінші апта, фильмге 33 миллион теңгеден аса пайда әкелді. Туынды Австралия мен Қытай елдерінде түсірілген. Жобаның бастапқы атауы «Водоворот» болған екен. Режиссер Стивен мен басты рөлдегі кейіпкерлер, бұрын да басқа жобаларда бірге бой көрсетіпті. Фильм әлі де мол кассалық табыстан үмітті!
Үшінші сатыдағы «Кролик Питер» картинасы, 33 миллион теңгеден астам қаражатқа кенелді. Питердің қызықты да шытырман хикаясына куә болғысы келетін көрермен таусылар емес. Қожайынына деген өкпесі қара қазандай қоянның мақсаты - кек алу. Комедиялық жанрда ұсынылған фильм өтімді болып тұр.