Ресей жұлдыздарының ішінде де, өз ұл-қыздарының тәртібіне қатал қарайтындар жеткілікті. Продюссер Яна Рудовская «аюға намаз үйреткен» таяқ деген ұстанымның жақтаушысы ма?!
Баласын қатал тәрбиелегені үшін, Рудковскаяны жазғыратындар көп. Бірақ, бұған еш өкінбеймін дейді продюссер. Кезінде ата-анасының, өзін де қатты қадағалауының арқасында, бүгінде қолда барды бағалауды үйренгенін айтады. Егер, ұлы шектен тыс еркелейтін болса, Яна оны жөнге салу үшін қамшыны да қолдануға қарсы емес.
Яна Рудковская, продюсер:
-Ия, бұл шындық. Бірақ, мен басқа ата-аналармен салыстырғанда, періштемін.
Таяқпен тәрбиелеуге кет әрі емес жұлдызды ана, бұл ісім ұлымың жауапкершілігі мол болып өсуіне септігін тигізеді деген сенімде.