Жұмысы тығыз кестеден тұратын Қайрат Нұрастың, ұл-қыздарының да уақыты тапшы екен. Мектептен тыс, түрлі үйірмелерге жазылған балалардың, қатарластарымен ойнауына рұқсат жоқ. Осы ауыртпалықтан шаршаған олар, ағасына мұңын шағатын көрінеді!
Заңғар Нұртасұлы, Қ. Нұртастың інісі:
-Маған жылап жатады: «Аға, біз шаршадық!» - деп. Өйткені, олар сабақтан шығады. Біреуінде би, біреуінде пианино, біреуінде ағылшын... Жалғыз ғана бір демалатын күні бар. Жексенбі күні демалады.
Иә, Қайраттың ұл-қыздары ата-анасына айта алмаған сырларын, анда-санда әншінің інісіне ақтаратын көрінеді. Ал, балаларының әр қадамын жіті қадағалап, оларға тығыз кестені түзіп берген аналары...
Жұлдыз Әбдікәрімова, Қ. Нұртастың жұбайы, актриса:
-Бала егер бос болып қалса, жаман ой кетеді. Телефон болсын, теледидар болсын. Болмайтын бір нашар дүниелер көріп қалады. Сондықтан, мен балалардың уақытын өте тығыз қылып қойдым. Кешке келетіндей қылып.
Әншінің тұңғышы Сезім, сабақтан соң фортепионоға бет алса, екінші қызы Алау заманауи би үйірмесіне қарай тартады. Үлкен атұстары Нарұл суға жүзу секциясына жазылса, кенжесі Хан күндізгі уақытта балабақшадағы тәрбиешілердің қадағалауында екен. Төрт перзентін кішкентайынан түрлі үйірмелерге тіркеп қойған жұлдызды жұп, олардың өнерге келуін құп көрмейді.
Қайрат Нұртас, әнші:
-Негізі мен балаларымды оқу жағына бергенмін. Бәрі жақсы мектепте оқиды. Ал ән, фортепиано, домбыра оның барлығы жай хоббилері болып қалады. Мен шынымды айтсам, өзімнің отбасымды, кішкентайларымды өнерге бергім жоқ.
Жұлдыз Әбдікәрімова, Қ. Нұртастың жұбайы, актриса:
-Себебі ең бастысы білім. Білімді біз алдыға қойғанбыз. Өйткені біліммен қатар қосымшаларын алып жүреді ғой. Бала үйге шаршап келеді. Тек қана тамақ ішіп, сабағын бір қайталап, ұйықтау. Таңертең азанда тұрып кету.
Ал, балалық шақтың ойынын, білімге алмастырған Қайраттың ұл-қыздары, кейін осы еңбектің жемісін жейтіні сөзсіз! Өйткені, болашақтың кілті – білімде!