Жігіттер де жылауға хақылы! Бұл пікірді ұстанатын кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дуэйн Джонсон да алып тұлғасына қарамастан кейде, көз жасына ерік береді екен. Бұл оған іштегі негативті ойлардан арылу үшін көмектессе керек. Ал, біздің шоу-бизнесте жүрген жігіттер не үшін жылайды? Келесі бейнематериалда.   

Бауыржан әлжауаз жігіттерден емес. Бірақ, шығармашылықтың адамы болғаннан кейін, ішкі жан дүниесінің нәзік екенін жасырмайды. Сері, үнді фильмдері мен әндерін сүйіп тыңдайды екен. Себебі, сезімге толы туындылар, актердың өз әлеміне үнемі серпіліс сыйлап отыратын көрінеді.

Бауыржан Сатов, актер:

-Мен сезімтал болғаннан кейін, жақсы жақсы туындылар болсын, бір аянышты видеолар көрсем мысалы неге жыламасқа? Ер адамға жылауға болады. Бірақ, оны ешкімге көрсете бермеймін да. Өзім тығылып барып, бір жерде жасымды сығып аламын.

Дидар Кәден кез-келген дүниеге босай беретін жігіттерді жаратпайды. Оның түсінігінде, жылау үшін нақты себеп болуы керек. Мәселен, оның көңілін қатты босатқан оқиға, тұңғыш ұлының дүние есігін ашқан сәті екен.

Дидар Кәден, әнші:

-Ұлым дүниеге келген кезде көзіме жас келген. Өйткені менің ұрпағымды жалғастырушы дүниеге келді. Менің марқұм әкем көрмей кетті. Сондықтан осындай сәттер болып тұрады.

Әбу-насыр ағамыз болса, «жігіттерге жылауға болмайды» деген түсінікпен, мүлде келіспейтінін айтады. Көзінен жас шығарып жыламаса да, актердың іштей егілетін кездері болатын көрінеді. Тіпті оның көңілін кейде, ұсақ-түйек жәйттер де түсіріп жібереді екен.

Әбунасыр Серіков, актер:

-Ауа-райы да оған кедергі болуы мүмкін. Машина да кешігіп қалуы мүмкін. Ол поезда, самолетта ұшатын жағдай болмай қалады, қона алмайтын жағдайлар болады.

Ағамыз санамалаған бұл кедергілер, жігіттердің жылауы үшін себеп емес сияқты. Десе де, шығармашылықтың жолында жүргендер қашаннан сезімтал  ғой...