Дуэйн Джонсон да көзіне жас алады...

Сообщить о проблеме с эфиром

Головкин сынды, голливудтық жұлдыз Дуэйн Джонсонды да қалың көпшілік күш-қуаты тасыған, қайратты жан ретінде таниды. Алайда, «Скала» лақап атын еншілеген актер, кейде көз жасына ерік береді екен.

Дуэйннің сөзінше, кезінде сері өте ауыр күйзелісті бастан кешірген көрінеді. Бұл жаңалығы оның жанкүйерлері үшін тосын жай болғандай. Ал, актердің өзі ауыр күйге түсуінің себебін, анасының әрекетімен байланыстырады. «Скала» небәрі 15 жасқа толғанда, шешесі өзін-өзіне қол салмақ болыпты. Кейін, бұл жайсыз оқиға оның санасында жазылмас сызат ретінде қалған. 

Дуэйн Джонсон, актер:

-15 жасқа толғанымда біз үйімізден қуылдық. Болған оқиғадан кейін анам көліктің астына түсіп, өзіне қол жұмсамақ та болған. Алайда, барлығы артта қалды, дәл қазір мен осында тұрмын. Бұл ғажап емес пе?!