Түсірілім алаңында танысып, артынан қарым-қатынастары махаббат хикаясына айналған жұптар аз емес. Бірақ, олардың сезімдері сөнеді, не қайта тұтанады... Бұл жолы «Шаг вперед» фильмінің жұлдыздары Ченниг Татум мен Дженна Дьюэн, 9 жылдан соң ажырасуға бел буған! Неліктен?!
Үлгілі отбасылардың біріне айналып үлгерген, Ченнинг Татум мен Дженна Дьюэнн ажырасуға бел буғандарын мәлімдеді. «Шаг вперед» фильмінен бастау алған махаббат хикаясы, 9 жылға созылған болатын. Күтпеген жаңалықты экс-ғашықтар өздерінің әлеуметтік желілерінде жазған. «Біз жақсы дос болып қаламыз» деген актерлардың, Эверли есімді қыздары бар. Дегенмен, жұлдыздар қарым-қатынастарына не кедергі болғанын ашып айтпады.
Голливуд енді бір жұпқа азайса, бір жұпқа қайта толығып жатыр. Кезекті ғашықтардың бірі махаббат хикаясын бастаған сияқты. «Спасатели Малибу» фильмінен кейін араларында сезім оянған, Зак Эфрон мен Александра Даддарио арттарынан ерген қауесетке нүкте қойды. Актерлар ортақ комедия да ғашықтарды ойнаған еді.
Ал, Джастин Бибердің күні оңынан тумай жүр. Әншіні папарацци көзі аңдудан жалықпайды. Аттап басқан аяғын бақылаған, қырағы фотографтардан шаршаған Бибер, мәселені қашумен шешуге тырысқан. Лос-Анджелес көшелерінің бірінде, БАҚ өкілдерінен жасырынғысы келген Джастиннің қылығы ерсі көрінсе де, ол ақпарат іздеушілердің құрығына оңайлықпен түсе салған жоқ.