Бұл өнерпаз бүгінде талай бұрымдының түн ұйқысын ұрлап үлгерген жігіт. Отандық шоу-бизнесте Тhe kitchen songs лақап атымен танылған Азаматтың, тыңдармандарына айтар тың ақпараты бар. Әнші бойдақтық өмірмен қош айтысатын уақытын хабарлады!
Отандық шоу-бизнестің көшіне күні кеше қосылғанымен, Китчен Сонг аздаған уақытта өз тыңдармандарын тапқан өнерпаз. Күндіз-түні студияда тынбай тер төккен талантты жігіттің жұмысы, өз нәтижесін беруде. Бүгінде жас әншінің репертуарында 15 трек, 3 бейнебаян және жалғыз ғана мини альбомы бар. Ал таңдаған бағыты бірнеше музыкалық стильдердің ситнезінен тұрады.
Тhe kitchen songs, әнші:
-Біз IDM жанрларын, соул, поп, хип-хоп, R'n'B жанрларын бірге қосып, жаңа бір кью-поп жанрын ба, жаңа бір жанр жасап жатырмыз. Сол негізі көбінесе IDM, дип-хоус жанрларын өзім ұнатамын сондай өлең жазғанды.
Бұл жігіттің шығармашылыққа белсенді түрде бет бұрғанына биыл бір жыл! Осы мерзім ішінде «Китчен Фэнс» атты фан-домын да құрып үлгерген. Өнерпаз үшін әзірге негізгі табыс көзі – түнгі клубта өнер көрсетуі. Айти мамандығын тәмәмдағанымен, көптен кәсіби музыканттармен тағыз қарым-қатынаста екен.
Тhe kitchen songs, әнші:
-«Мунлайт», Молданазар, мысалға «Айри» деген қыз бар. Жақсы-жақсы әншілер, қазір талантты әртістер көбеюде. Өз басым соған қатты қуанамын.
Китчен Сонг-тың құжаттағы есімі – Азамат! 23 жастағы жігіт жеке өмірі жайлы жоспарларында естен шығармаған. Мұғалімдер отбасында тәрбиеленген ол, болашақ жарын былай елестетеді.
Тhe kitchen songs, әнші:
-Мүмкін 27-28 жасқа қарай Құдай қаласа сол, шаңырақ құрамын ба деп ойлаймын. Тәртіпті қыздар ұнайды. Тәріпті және «с юмором» дейміз ғой, сондай қыздар ұнайды. Және де кітап оқитын қыздар ұнайды.