Меган Маркл туыстарын тойына шақырмаған!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде Меган Марклдың жүйкесі сыр берген. Бұған некелесу күніне аз уақыттың қалғаны себеп емес. Актрисаның көп жылдан бері араласпай кеткен әпкелері, шақыртусыз-ақ тойыңа келеміз деп байбалам салып отырған көрінеді. Ал, келешек ханшайымның: «үйлену салтанатыма туыстарымды кіргізбеңдер» деп бұйырғаны рас па?

Гарри ханзада Меганның күйгелек болып кеткенін айтып, жергілікті журналға сұқбат берген. Келешек ханшайымның ашуына тиген дүние: көптен араласпай кеткен туыстарының тойға шақыртусыз келеміз деген хабары екен. Олар кезінде, актрисаны талай бопсалап, ақша өндіріп, суық күнде далаға жиі қуып шыққан. Сондықтан Меган бикеш, әпкелеріне шақырту жібермеуді жөн санапты. Тіпті оларға, некесін қиылатын салтанатқа кіруге де тиым салған.

Ал, актер Шон Пенн, экс-жұбайымен ара-қатынасының дұрыс емес екенін бұрыннан жасырмайтын. Тіпті балаларын бөлек-бөлек тәрбиелейді екен. 30 жылдан бері бірге тұрып келе жатқан олар, ақыры ажырасып тынды. Робин бір сұқбатында: «Қанша бақытты болып көрінуге тырыссақ та, түк шықпады» деген еді. Ал актер бәріне әйелінің мінезін кінәлайды.

Джастин Теру мен Дженифер Энистон шынымен ажырасқан ба?! Бұл сұрақ көптің көкейінде жүр. Себебі, екеуі де әлеуметтік желідегі бірге түскен суреттерін әлі өшірмепті. Актердың достарының мәлімдеуінше, Джастин барлық шаруасын кейінге ысырған. Ол бүгінде уақытын аңшылыққа арнап, сейіл құруды ермек етіп жүр. Ал Дженифердың өмірі еш өзгеріссіз. Сол баяғы түсірілімдер және фотосессиялармен әуре.