Голливудтан жалыққан қай жұлдыз?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Атың шықпаса жер өрте!». Бұл - бүгінгі Голливудтың басты  ұстанымы. Бірінің басы дауға қалып жатса, енді бірінің өртті өз қолымен өршітетіні бар. Мысалы, Кристина Агилераға жас қыздарды өз құмарын тарқату ісіне мәжбүрледі немесе икемдеді деген айып тағылуда. 

Көптен бері жұртқа жаңалық ұсынбай жүрген, Кристинаның басына бүгінде қара бұлт үйірілген. Себебі, әншіге тыңдармандары тарапынан үлкен айып тағылуда. Жанкүйерлерінің айтуынша, ол  өзінің құлқын қанағаттандыру үшін жас қыздарды пайдаланатын көрінеді. Ал Кристинаның өзі: «бұның бәрі жала» деп, ештеңені мойындамай отыр. Инсайдерлердің сөздеріне сенсек, осындай әңгімелерден шаршаған әнші, тіпті Голливудпен қош айтыспақ ойда екен. 

Криштиану Роналдудың футболдан басқа бас ауруы жоқ деп ойласаңыз, онда қателесесіз. Аяқдопшыны Бразилиялық сәнбика сотқа бергелі жатыр. Бұған басты себеп, Криштинудың сылқымды үйіне өзі шақырып алып, кейіннен оны шығарып салмағаны. Ізінше, Роналду оны барлық әлеуметтік желіде бұғаттап тастапты. Енді, модель намысымды таптады деген желеумен, «Реал» шабуылшысынан миллиондаған қаржы өндіріп алмақ ниетте екен.