Аптаға созылған әсемдік салтанатын Chanel бренді, көптен күткен көрсетілімімен түйіндеді. Аты әлемге әйгілі сән үйі бұл жолы топтамасын ну орманның ішінде таныстырып, келушілерді таңқалтқан көрінеді.
Париждің Гранд-Пале сарайын күзгі баққа айналдырып, үлкен шоу жасағанымен, Карл Лагерфельд киімдеріндегі ұстамдылықтан бас тартпапты. Саханамен жүріп өткен сәнқойлардың үстінен, әдеттегідей твид костьюмдер табылды. Ал, топтаманы тамашалауға Кира Найнтли, Ванесса Паради, Лили Аллен сынды танымалдар қатысып қайтты.