Юэн МакГрегорды екінші әйелі тастап кеткен

Сообщить о проблеме с эфиром

Белілі актер Юэн МакГрегордың өзегі өкініштен өртеніп жүр. Түсіне, тастап кеткен төрт бірдей баласы мен жары, жиі кіретін көрінеді. Ал бұған Юэн тек қана өзін кінәлайды. Неге?

«Остров», «Звездные войны» фильмдерімен елге етене таныс актер Юэн МакГрегордың тағы да тауы шағылды. 46-ға келген Юэнды жақында ғана қосылған жары, 22 жастағы актриса Мэри Элизабет тастап кеткен. Оған себеп, актердың тыным бермейтін жанкүйерлері көрінеді. Бұған дейін МакГрегор, 15 жыл отасқан алғашқы жарын, төрт бірдей баласын қадырып кеткеніне өкініп жүргендігін білдірген. Актер, бұл жағдайлардың бәріне өзінің кінәлі екенін, елдің сөзіне көп ергенін Америкалық бағдарламаның бірінде айтқан-ды.

Рэпер Дрейктың қойын дәптеріне қол жеткізгіңіз келсе, 54 мың долларыңызды дайындай беріңіз. АҚШ-тың Торонто қаласында тұратын әншінің атасы, немересінің күнделігін тауып алып, оны қоқысқа тастап жібермек болады. Бірақ үй қызметкерлерінің бірі, өтініп сұрап алған екен. Артынша оны сатылымға қойып, қомақты қаражат та сұрап отыр. Бұған Дрейктың өзі келісімін беріпті.

Бір ай бұрын сәнбике Ким Кардашьян мен рэпер Канье Уэст ата-ана бақытына бөленген болатын. Кішкентай ғана Чикагоны сурагатты ана дүниеге әкелген. БАҚ өкілдері Кимді талай әурелесе де, сылқым нәрестесінің суретін сатудан үзілді кесілді бас тартқан еді.  Ал бүгінде қырқынан енді шыққан сәбиінің фотосын желіге жүктеді. Бөбектің бейнесі снэпчатпен әрленген болса да, кішкентай Чикагоның сұлулығын жасыра алмаған сияқты. Посттың астына

Ким  бұл әрекетке көз тиюден сақтану үшін барғанын жазған. Ал топ-модель өз кезегінде өміріне өзгеріс әкелгісі келетінін және сол үшін шашын қызғылт түске бояп, имиджын жаңғыртуға дайындалып жүргенін айтты.