Осымен Пхёнчханда жалауын тіккен ХХІІІ-ші қысқы олимпиада ойындары аяқталды! Қазақстан қоржынында, фристайлшы Юлия Галышева ұтқан жалғыз қола медаль. Жүлдегер қыздан бөлек, ақ аламанға қатысқаны үшін ақша алатын спортшылар да бар екен.
Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы медаль көрсеткіші бойынша, 92-елдің арасында 28-ші орынға тұрақтады. Лихтенштейн мен Латвияда да бір-бір қоладан бар. Олимпиаданың үздіктері тізімінде бірінші орында Норвегия, екінші Германия, үшінші Канада тұр. Пхёнчхандағы жаһандық ақ аламанда 30 елдің спортшысы жүлдеге ілінді. Олимпиадағы барлығы 2 922 атлет қатысып, 15 спорт түрі бойынша, 102 медальдар жиынтығын сарапқа салған.
Қазақстан жалпы алғанда спортшыларға 185 мың доллар төлейді. Ел қоржынына фристайлдан жалғыз қоланы салып берген Юлия Галышеваға, 75 мың доллар сыйақы беріледі. Одан бөлек тағы 75 мың долларды, могулшы қыздың үш бапкері алмақ. Сондай-ақ, үздік ондықта 6-шы орынға тұрақтаған шорт-тректен ерлер командасының мүшелері: Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғалиев және Еркебұлан Шамұхановтарға 5 мың доллардан бұйырды. Олардың жаттықтырушыларына 15 мың доллар бөлінген.