Осы уик-энд «Найнти уандық» Alem үшін ерекше болмақ. Кью-поп орындаушысы 25 жасқа толады! Мембер атаулы күн қарсаңында, өмірге әкелген ата-анасына алғысын білдіріп, балалық шағының ең қызықты естеліктерімен бөлісті.
«Найнти уандық» мембер үшін туған күнін жанұясынан жырақта өткізу таңсық құбылыс емес. Өнер жолында жеке өмірі мен уақытының құрбан боларын, кью-поп орындаушы о бастан сезінген.
Alem, «Ninety one» тобының мембері:
- Кішкентайымнан уақытым өте жазулы болды. Мен музыкалық мектепке бардым, түстен кейін мектепке. Одан кейін тағы вокал сабағына... Бүкіл Қазақстан бойынша және шетелдерге де шығып тұрдық байқаулармен. Сондықтан да әкем айтатын, сен әртіс болып кетесің, сен үйде қалмайсың деп.
Тез есейсе де, балдырған кезеңнің қызықты естеліктері Әлемге өте қымбат. Мембер үшін, есінде қалған ең ерекше сыйлық - туысқандарының тартуы.
Alem, «Ninety one» тобының мембері:
- Тай сыйлады дейді нағашылар. Бірақ, ол баяғыда болған нәрсе ғой, мүмкін ол тайды жеп қойған да шығармыз. Әлде ол өсіп кетті ме, бірақ сондай нәрсені білемін.
Шығармашылыққа ерте араласқан Әлем, үлкен сахнада ең алғаш шырқаған әндерін әлі де ұмытпаған. Тек, ол туындылар кью-поп бағытына мүлде жат.
Alem, «Ninety one» тобының мембері:
- Мен тоғыз жасымда, балалар вокал студиясында ең бірінші рет айтқан өлеңім «Көкпар» деген болды, сосын «Өз елім», «Көкпар» Мен «Өз елімді» қайта-қайта айта беруші едім барлық жерде.
Мүшел жасқа толған мембер, айтулы күн қарсаңында, өзінің өнердегі жетістігіне сеніп, демеу болған ата-анасына алғыс айтты.
Alem, «Ninety one» тобының мембері:
- Мама, папа сіздерге көп рахмет дүниеге алып келгендеріңізге. Мені осылай тәрбиелеп өсіргендеріңізге алғысым шексіз. Мен жай былай айтып қалайын дегенім ғой камераға...