Ел алдындағы өнер иесінің, балалары да танымал болуы шарт! Айдана Меденованың ұстанымы дәл осындай. «Кешьюдің» экс-мүшесі бұдан былай қызының жұлдызын жақпақ ниетте. Жас ана, Әминасына инста-парақша ашып, оның желіде белсенді болғанын қалайды. Ал, әншінің бұл қадамын әріптестері қолдап отырған жоқ!
Кішкентай Әминаның қатысуымен шағын-роликтерді, Айдананың оқырмандары да тағатсыздана күтетін көрінеді. Енді, жұлдызды ата-ана жұрттың ықыласына бөленген бүлдіршіннің жеке аккаунтын ашуға ниетті.
Айдана Меденова, әнші:
- Алда сондай қызығушылық болып жатқаннан кейін, ашатын ойым бар. Кішкентай болғанда қорқып, тіл-көзден сақтап көрсетпейтінмін. Ал қазір үлкен болды.
Айдананың тұңғышы Әмина биыл 3 жасқа толады. Ал, әншінің әріптестері кішкентайын танымал қылуға талпынған Меденованың қадамын құптап отырған жоқ!
Серік Ибрагимов, әнші:
- Мақтаныш үшін бе? Не үшін? Менің олай істегім келмейді. Мақтаныш үшін жасалатын нәрсе шығар деп ойлаймын өзім. Арнайы парақшасын ашып деген сияқты, керек емес. Ол ертең ес жинағаннан кейін, өзі мектепке барады, 13-тен асып өзі ойланып, өзі істеуге болатын шығар.
Сиви Махмуди, әнші, актриса:
- Әлі ерте, әлі керек емес. Мүлдем қажет нәрсе емес деп ойлаймын оны.
Мұқасан Шахзадаев, әнші:
- Алдында бір салып, кәдімгідей балам ауырып қалып. Әйелім ойбайлап, айттым саған салма деп. Өшіріп тастап инстаграмнан сөйткенбіз.
Қылықты қызының қызықты видеоларын желіге жиі жүктейтін Меденованың, бір ғана ойы бар. Өнерге құштар бүлдіршінді, осы бастан дүйім жұрттың назарында ұстап, байыппен сахнаға бейімдеу.
Айдана Меденова, әнші:
- Ерекше өзі, слухы да өте жоғары. Ән айтып жатқанын, би билеп жатқанын, сондай бір өнер жағынан көрсететін шығармын.