«Ғашықтар күні» – бір-бірін сүйген жандардың құшақ-құшақ гүл сыйлап, сезімдерін білдіретін бейресми мерекесі. Ал, бұл күнді отандық жұлдыздар қалай атап өтеді және тойлаудан бас тартқандар кім? Тілшіміз анықтап көрді.
Бұл көңіл көктеміндегі қызғалдақтардың бүр жаратын, ғашықтар мерекесі. Аталмыш мерекеден отандық шоу – бизнес өкілдері де қалыс қалмақ емес. Мәселен, белгілі проюссер, тележүргізуші Динара Сатжан: «Бәрі махаббаттан басталады» деген жазбасы бар, ақ-сары қызғалдақтардың суретімен бөлісті. Шоумен Арыстан Мырзагереев жары Әйгеріммен бірге, осы мерекеге арнайы фотосессия ұйымдастырған. Белгілі инстаграм жұлдызы Анара Батырхан, бұл мерекені асыға күтпесе де, берген сыйлықтардан бас тарпайтын көрінеді.
Анара Батырхан,актриса:
- Бүгін гүл алатын уақыт болған жоқ. Бірақ кешке алатын сияқтымын. Гүлді мен өзімнің поклонниктарымнан аламын. Сыйлық берсе аламыз! Бірақ, өз басым қатты тойламаймын бұл мейрамды.
Жанкүйерлерімнен сыйлықтар алып жүрмін деген, 25 жастағы актриса әлі күнге жүрегін жаулаған азаматтың жолықпағанын айтады. Әнші Айқын Төлепберген болса бұл мерекені құп көрмейтінін және қолдамайтынын ашық жеткізді.
Айқын Төлепберген, әнші:
– «Валентин» күнін көбірек көтеретін сияқты. Себебі, ол күнді қатты, жақсы жарнамалап тастаған. Сондықтан, менің ойымша өзіміздің мейрамдарды жарнамалау керекпіз.
Дидар Кәденнің экс-жары Айым Алтынбекова, инстаграм желісіне ойыншық аюмен бірге түскен суретін жүктеген. Ал, бұл сыйлықтың мейрамға қаншалықты қатысы бар екенін, Айым жасырын ұстауды жөн көрсе керек, ешқандай жазба қалдырмаған. Оқырмандары алуан түрлі болжамдар айтып, пікір таластырып жатқанда, актриса жазбаны өшіріп үлгерді.