Қарсыластарын тек ұрып құлататын қандасымызды білесіз бе? Арман Әшімовтың аты, жеті айда ТМД аумағына кеңінен танылды. Қазақстандық жекпе-жек өкілі, жақында М1-Глобал тұжырымының чемпиондық белбеуін де еншілеген еді. Спортшының өзі толығырақ айтып берсін.
Арман Әшімов – M-1 Global тұжырымы бойынша чемпион:
– Өте қуанышты әсер болды. Бұл жалғыз біздің жеңісіміз емес, бұл Қазақ елінің жеңісі, талай қазақтар дұға етті... Бұйыртып жіберіп тұр, бұл Қазақстан тарихындағы M-1 Global бойыншы бірінші белбеу.
Мыңдаған жанкүйер тақымын қысып, тілеуін тілеген Арман Әшімов Санкт-Петербор қаласында M-1 Challenge 87 халықаралық турнирінде чемпиондық белбеуді иеленді. Біздің «Мұстафа Өзтүрік» финляндиялық қарсыласы Микаэль Силандерді екінші раунда нокаутқа құлатқан еді. Ол бұған дейін M-1 Global тұжырымы аясында, дағыстандық Гаджимурад Алиев пен бразилиялық Родриого Меланионы да ауыр соққысымен қалың ұйқыға жібергені бар.
Арман Әшімов – M-1 Global тұжырымы бойынша чемпион:
– Қазақтың жалауын, қазақтың елін бүкіл әлемге танынқым келеді. Бірінші мақсатым сол, ал ақша ол түк емес, бір күн бар, бір күн жоқ.
Жекпе-жектен әлем чемпионы, К-1 нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы деген атағы бар Арман, тік тұрып төбелескенді ұнатады. Сегізбұрыштағы әр кездесуінің көрерменге тартымды болғанын да қалайды. Ендігі мақсаты M-1 Global-дың чемпионы, украиндық Александр Доскальчукпен айқасып, жеңу!
Арман Әшімов – M-1 Global тұжырымы бойынша чемпион:
-1 айға дейін жақсылап демаламыз, содан кейін Доскальчукке дайындықты бастаймыз. Мүмкін шет мемлекетке барып дайындылауымыз мүмкін...
Арман Әшімов «Мұстафа Өзтүрікті» пір тұтатады. Қазақтың біртуар ұлының есімін спорттағы лақап аты етіп таңдағаны да сондықтан. Ол бүгінгі отандық жас жекпе-жек өкілдерінің арасынан, жойқын соққысы және жымиған күлкісімен жарқ етіп шыға келді. Келешекте UFC төрінде атой салсам дейді!