Көлік ішінде тұратын бейнежазба камерасына, қазақстандықтар тұңғыш рет фильм түсірді. Бұл НТК арнасында көрсетілетін «Патруль» телехикаясының авторлары таспалаған өнім. «Регистратор» деп аталатын картина, қазіргі заманғы түрлі кейіпкерлерді суреттемек.
Мейіржан Түребаев басты рөлдің бірін сомдайтын фильмді, көрермен қалай қабылдары әзірге белгісіз. «Регистратор» авторлары, темір тұлпардың рөлін тізгіндейтін түрлі жүргізушілер арқылы, ой салатын әзілдерді айтпақпыз дейді.
Мейіржан Түребаев, актер:
– Менің кейіпкерім, жуас бала, жұмысы жоқ, ақшасы жоқ, семьяда проблема.
Мейірхан Шерниязов, идея авторы, актер:
– Бір статичный кадрда, бір сценариймен кино түсіру деген, сондықтан біз сценарийге көп көңіл бөлдік. Сондықтан, динамиканы көбірек беріп, қалжыңнан көбірек беріп, көрерменді ұстап отыруға тырыстық, ерекшелігі сондықтан.