Мэри Джей Блайдж, Марго Роби, Эллисон Дженни бастаған «Оскар» үміткерлері Беверли Хиллзде жиналды. Салтанатты марапаттың қарсаңында бас қосқан актерлар, айтулы жүлденің кімге бұйыратынын болжап көрді.
«Оскар» салтанатына арналған бұл басқосу, әйгілі марапат алдындағы дәстүрлі дайындыққа айналғандай. Үздік атануға дәмелі голивудтық жұлдыздар, әдемі киімдерін киіп, өздерін бір сәт марапаттың игері ретінде сезініп көрді.
Қызыл кілеммен басталған шарада Марго Робби мен Сирша Ронан ұтымды таңдалған әсем образдарымен, көпшлік қонақты өз көлеңкесінде қалдырды. Еске салар болсақ, қос жұлдыз да «үздік актриса» жүлдесіне үмітті.
Голливудтың таңдаулыларын бір дастарқанда жинаған ерекше кеш, жұлдыздардың «Оскар» жүлдесінің жанында суретке түсуімен өз мәресіне жетті. Өмірде бір-бірімен жиі жүздесе бермейтін өнерпаздар, әріптестерімен барынша «сэлфи» жасап қалуға тырысты.
Лука Гуаданьино, режиссёр:
- Суретке түсерде Стивен Спилбергтің жанына келуімді өтінді. Сенесіздер ме, ол мен үшін нағыз тарихи тұлға. Іштей, бұл өмірімдегі ең маңызды сәт деп ойладым. Аңыз адамның жанынада тұруымның өз астары бар шығар. «Оскардың» арнайы кешінен ерек әсермен оралғандардың қатарында, Эллисон Дженни де бар.
Эллисон Дженни, актриса:
-«Оскарға» ниетті актриса ретінде арнайы бөлмеде отыруымның өзі, мен үшін үлкен қуаныш! Жақында ғана осы жерде болғанымды түсімде көрген едім.
Өнерпаздың қуанышы, «Оскар» марапатында еселене түседі деген үміттеміз. Ал, ең шулы кинобәйгенің қорытындысы наурыздың 4-күні белгілі болмақ!