Қазақ эстрадасына жаңадан қадам басқан Мадияр Алинұров есімді сері, той әндеріне пародия жасап жүр. Ең қызығы, өнерпаз кезінде рэп орындаушысы болған көрінеді. Бірнеше музыкалық жанрды жетектеген жігітпен, тілшіміз сұхбаттасып қайтқан болатын.
Дәл осындай ырғақты әнге бейнебаян таспалаған Мадияр, шығармашылық жолын рэп жанрынан бастаған. Тіпті, заманауи айтыстар ұйымдастырып, кезінде музыканың бұл бағытының да шыңына шығуды көздеген-ді.
Мадияр Алинұров, әнші:
-Достарымның барлығы рэпер болып жүргеннен кейін, мен де кейін рэпер болдым, батлға қатыстым. Сөйтіп-сөйтіп дамытып - дамытып эстрадаға көштім. Бірақ, рэпті де қойған жоқпын.
Алайда, сегіз қырлы сері тың тректерін тастап, көпшіліктің қалауындағы жанрларда ән шырқауға кіріскен.
Мадияр Алинұров, әнші:
- «Джазовый ән болсын, куйик степ болсын, суиг болсын, дәстүрлі ән болсын, халық әні болсын..» жан-жақты қолдан келгенше орындай беремін.
Бүгінге дейін бірнеше бейнебаян таспалап үлгерген өнерпаз, бос уақытында композитор ретінде ән де жазады! Хит тректердің авторы болмасам да, туындыларым талай орындаушының көңілінен шықты дейді ол.