Қайрат Нұртастың анасы «Қыз ұзатуды» кәсіпке айналдырғаны рас па?! Көпшілік сынына продюсер не дейді?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әр қадамы жұрт назарынан тыс қалмайтын Қайрат Нұртастың анасы, тағы бір сынға ілікті. Айдарбекованың «қыз ұзатқанын» көргендер жақтыра қоймапты.. Желідегілер Гүлзира ханымнан екінші мәрте ән айтпауын өтініп жатыр. Ал, қалыңдықты ұясынан ұшыру продюсердің жаңа кәсібі ме?!

 

Қыз ұзатқан видеосын желіге жүктегені сол еді, оқырмандарының Айдарбековаға айтпағаны жоқ! Дәл осы посттың астына жазылған пікірлердің басым көпшілігі мынадай...

 

-Енді жетпегені осы еді. Ұзатуға арналған әуен емес, дауысыңызда жағымсыз.

-Дауысыңыз жаман екен, өлең айтпай-ақ, қара сөзбен тілек білдірсеңіз де болар еді.    

Гүлзира ханым бұл әнді, ең жақын туыстарының қызын ұзатуға арнайы жазыпты. Сондықтан, пысық продюсердің жаңа кәсіпке бет бұрып, қалтасын қалыңдату жоспарында жоқ екен. 

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

-Сізден тәлім-тәрбие алдық, қолыңызда өстік. Енді, біз қызымызды ұзатып жатырмыз. Сондықтан, қызымыздың сіз сияқты болғанын, ана болғанын қалаймыз деп, ұсыныс тастаған болатын. Сондықтан да, жарайды деп келісіп, сондай жолға бардым енді.

Соңғы уақытта, мұндай сын Салтанат Бақаеваға да талай мәрте айтылып жүр. Репертуарын «Әгугай құрбым» атты әнмен толықтырған өнер иесі, қанша қызды ұзатса да, бұл туындысын табысқа кенелу үшін жаздырмадым деп ақталды.

Салтанат Бақаева, әнші, актриса:

-Маған әр түрлі сындар айтылады. Салтанат, сен жассың деп те айтады.  Мен енді бұл әнді әдейі, қыздарды ұзатамын деген мақсатпен шығарған жоқпын. Шыны керек, өзімнің құрбыма арнап жазған болатынмын.

Шахизаданың өзі екі рет тұрмыста болса да, талай қалыңдықты «құтты орынына қондырғаны» бар. Бірақ, «жүрегім қаламаса, қаржыға құныққан емеспін» - дейді әнші.  

Шахизада, әнші:

-Көңіл-күйім дұрыс болмаған кезде мен «ұзатпай-ақ қояйыншы» - деген ой болады. «Менің көңіл-күйім дұрыс болмаса, қалай қызды ұзатамын» - деп шынын айтқанда бас тартқан болатынмын.