Анджелина Джоли Бельгияда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Анджелина Джоли қайырымдылық мақсаттағы игі істерін әрі қарай жалғастыруда. Актриса, Бельгиядағы НАТО-ұйымының штаб-пәтерінде болып, арнайы басқосуға қатысып қайтты.

Голливуд жұлдызының күн тәртібіне қойған басты мәселесі – әлемдегі қорғансыз қалған әйелдердің құқығы.

Анджелина Джоли, актриса:

- Нәзік жандылардың құқығын ерлермен тең болуына іс жүзінде қол жеткізейік. Ең алдымен, әйелдер қауымына жасалып жатқан қылмыстың көзін құрту керек.

Одан бөлек, арулардың жағдайын күйттеп жүрген Анджелина Джолидің, көз тайдырар көркіне тоқталмай кету мүмкін емес. Күні кеше, «анорексия» дертіне шалдықты деп көптің күдігін тудырған актриса, бұрынғыдан да  әсемдене түскендей.