Әйгілі аладоп шебері Дэвид Бекхем, үлкен футболға қайта оралды! «Майами» клубының қожайыны атанған серіге жұлдыздар қауымы құттықтауларын жаудырып әлек. Тілек білдіргендер арасында Уилл Смит, Диджей Халед, тіпті Владимир Кличко да бар.
Англия құрамасының экс-капитаны Дэвид Бекхэм, жеке футбол командасын құру франшизасын сонау 2007 жылы сатып алған болатын. Алайда, араға тек он бір жыл салып, спортшы американың MLS лигасында ойнайтын «Майами» клубының қожайыны атанып отыр.
Дэвид Бекхэм, футболшы:
-Қатты толқып тұрмын. Себебі, бұл менің көп уақыттан бері ойымда жүрген арманым еді. Ең әуелі, маған көмектескен мына жігіттерге алғысымды білдіргім келеді.
Әйгілі футболшыны жаңа мансабымен алғашқы болып балалары құттықтады.
Жағымды жаңалық жұлдыздарды да бейжай қалдырмады. Қуанышты хабарды ести сала, құттықтау жолдағандар қатарында жақын досы Уилл Смит бар.
- Майамиге Қош келдің! Егерде мұнда саған көмек қажет болса, дереу маған айт!
- Құттықтаймын! Бұл тарихта қалар іс деп ойлаймын!
- Мені ойында алғашқы қатарға отырғызба! Қалжыңдаймын! Майамиде футболда кездескенше!
- Бұл өміріңдегі ең ақылды шешім дер едім! «Майами» футбол командасы. Жолың ақ болсын!
Енді, Дэвид Бекхем Майами портынан 9 млн долларға алған жер теліміне, 25 мың орындық стадион салмақ. Ал, футбол клубының алғашқы жарысы 2020 жылға жоспарланып қойған.