Тек ақша табу үшін түсірілген отандық комедиялардың көбеюі, «қазақ киносының келешегіне балта шабуда» деп Ермек Тұрсынов дабыл қағуда. Бірақ, әзілге құрылған «Каникулы в Тайланде» секілді картиналарға біздің көрермен лек-легімен баруға дайын. Ақпан айында үлкен экрандарға шығатын фильмдер көші мынадай.
Нұрлан Қоянбаев продюсерлік еткен «Каникулы в Тайланде» картинасына көрермен қандай баға беретіні келешектің еншісіндегі шаруа. «Бизнес по казахский» атты екі картинадан кейін, жұрт бұл ұжымнан татымды комедия күтетіні анық.
Сонымен қатар, ақпан айындаМарвелдің өнімі «Черная пантера» картинасы жарыққа шығады. Киносыншылар бұл фильмді атақты студияның соңғы жылдардағы ең табысты жұмысы деп бағалауда. Африкадағы «Ваканда» атты жұмбақ мекенде жатқан ерекше металлды табу жолында, кейіпкерлер түрлі оқиғаны бастан кешпек.
Жұлдызды режиссер Ридли Скоттың «Все деньги мира» фильмін де күтушілер көп. Картинада Пол Гетти есімді, жаһандағы ең ауқатты адамның өмірі суреттелген. Оның немересін біреулер ұрлап кетіп, оқиға одан сайын шиеленісе түспек.
Бұл айдың соңында "Бегущий в лабиринте: Лекарство от смерти" лентасы үлкен экрандарға жол тартады. Қапасқа қамалған кейіпкерлер, өмірлерін сақтап қалу үшін барын салады. Алдағы 30 күнде қазақстандық көрермен осындай сапалы картиналарды көруден үмітті.