Динара Сәтжан өзіне тіл тигізген отандық дизайнерді сотқа бермек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Динара Сәтжан енді сот табылдырығын тоздырмақ. Отандық жас дизайнер Фариза Сұлтан, әлеуметтік желіде танымал тележүргізушінің өзіне қоқан-лоқы көрсеткенін айтқан еді. Сылқымның бұл айыптауларынан кейін, Динара ханым да үнсіз қалмақ емес.

Даудың басы – сән әлеміне жаңадан қадам басқан, Фариза Сұлтан есімді сылқымның жазбасынан басталған. Кезінде танымал тележүргізушінің қол астында жұмыс істеген жас дизайнер, бұрынғы басшысының қысым көрсетіп жүргендігін жұртқа жария етті.

- Бұл әйел бір кездері менің өнімімді жарнамалауға көмектескен еді. Алайда ол үшін ақысын алған, яғни пиарды тегін жасаған жоқ. Оның арам ойы да болған. Өз құқығымды қорғауға көшкенімде, ол маған қоқан-лоққы көрсетіп, түрлі сөздер айтты.

Алайда, арудың бұл сөздерімен Динара Сатжан еш келіспейді. Бар жазығым, жеке шоурымымда орын беріп, қанатымның астына алғандығым дейді ол.

Динара Сатжан, бизнесвумен, тележүргізуші:

-Өтініш білдіргеннен кейін, мен оның жемпірлерін жарнамалап, сатылымға шығаруға келістім. Нәтижесінде мені бопсалаушы деп айыптап отыр.

Динара өзі ұйымдастырған фэшн көрсетілімдердің біріне, еш ескертусіз келмей қалған Фариза Сұлтанды, жұмысынан босатқан. Кейіннен әсем жемпірлер тігіп жүргенімізді қызғанған дизайнер, күйе жағуға көшті дейді тележүргізуші.

Динара Сатжан, бизнесвумен, тележүргізуші:

- Біз Париж қаласында Oriental Fashion Show Paris-де өнер көрсеткен кезде, Байқоңырға араналған жемпірлерімді халық назарына ұсынған болатынмын. Содан кейін Фариза мені бәсекелесі ретінде көріп жүр.

Болған жағдайға қатысты Фариза Сұлтанның жеке менеджерінің пікірі мынау.

-Қандай да пікір бермек түгілі, бұл іске араласқызымыз келмейді. Бұл біздің деңгейіміз емес, түсінесіз бе?

Ал, Динара Сәтжан болса, істі бұлай қалдырмақ емес. Керек болса сотқа да шағым түсіретінін айтып қалды.

Динара Сатжан, бизнесвумен, тележүргізуші:

- Барлығын бәз қалпында қалдырмаймын. Келесі жолы адамдар жазба жарияламас бұрын әбден ойланатын болады.