Энди Серкис, Дэниел Калуя, Мартин Фримен бастаған бір топ өнерпаз Лос-Анджелесте бас қосты. Marvel-дің сүйікті кейіпкерлеріне айналған актерлер тобы, енді «Черная пантера» фантастикалық туындысын ұсынуға әзір.
Салтанатты шара әдеттегі дәстүрден таймастан, қызыл кілемнен басталды. Түсірім жұмыстарынан кейін, әріптестерімен ұзақ уақыт қауышпаған актерлер бір-бірімен көрісіп, мәре-сәре болуда. Араларында тек, бас режиссер Райан Куглердің көңілінде күдік бар.
Райан Куглер, режиссер:
-Ия, қазір қатты қобалжып тұрғанымды жасырмаймын. Өйткені, үлкен жұмыс аяқталып, көрерменнің бағасын алатын күн келді. Қомақты картинаны мейлінше бұзып алмауға тырыстым.
«Черная пантера» Marvel-дің үлкен экрандарға жол тартқан он сегізінші картинасы болмақ. Шытырман оқиғаға толы туынды «Первый мститель: Противостояние» фантастикасының заңды жалғасы болып саналады.
Marvel-дің су жаңа лентасында, 2018 жылдың «Оскар» жүлдесіне үмітті Дэниел Калуяны да байқауға болады. Дарынды актер, бұл фантастикалық туындының оң бағаға ие боларына сенімді..
Дэниел Калуя, актер:
- Қаһарман кейіпкерлер туралы, африкалық картина таспаланғанын өмірімде көрмеппін. Сондықтан, киносүйерқауымға қызық болады деп ойлаймын.
Ал, еліміздегі Marvel жанкүйерлері шытырман оқиғаға толы фантастиканы, ақпан айының 26-сынан бастап кинотеатрлардан тамашалай алады!