Вайнерліктен триллерге! Нұрлан Батыровтың үрейлі картинасы көрерменін қорқыта алды ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық киноқоржынға тағы бір су жаңа картина қосылды. Көрерменіне күлкі сыйлап жүрген танымал вайнер Нұрлан Батыров, дебьюттық туындысының тұсауын кесті. Режиссерлік мансабын қорқынышты триллер жанрынан бастаған вайнер, ойлағанын жүзеге асыра алды ма?

 

Ринат, Карина және оның сіңлісі Алиса қаланың күйбең тіршілігінен қашып, шет аймақтағы алып үйді паналамақ болады. Алайда, жаңа мекенге келгелі бақытты отбасының шырқы бұзыла бастайды..

 

Сюжет желісі қорқынышты оқиғалармен өрілген картинаны таспалау үшін, Нұрлан Батыров бес жылын сарп еткен. Режиссер ретінде «тұңғышын» дәл осы жанрда дүниеге әкелуі де, бекер емес..

Нұрлан Батыров, режиссер, вайнер:

- Біріншіден, өзімі  триллер мен қорқынышты фильмдердің адал жанкүйерімін. Екіншіден, вайнер ретінде мүлде жаңа форматта картина таспалап, өзгелерді таңқалдыруды ойладым.

 

Комедиялық кейіпкер «Безумная женщинадан», расымен ешкім үрейлі картина күтпегендей.

Шәріп Серік, актер, вайнер:

- Менің ойымша кино күшті болды, кино шынымен де қорқынышты болды.

 

Танымал вайнердің өмірде кездесетін тылсым оқиғаларға сенгіштігі бар.

Нұрлан Батыров, режиссер, вайнер:

- Талай бемәлім жағдайларды бастан кешкенімді жасырмаймын. Сыртынан күлкілі көрінуі мүмкін, алайда мен тылсым күштерге сенемін.

 

Нұрлан Батыровтың режисселік дебютін қолдауға келген меймандар да тылсым күштерді жоққа шығармайды.

Әнуар Нұрпейісов, актер:

- Мен жұмыс сапарымен Малайзияда болғанда, бірден біздің үйіміздің есігі жабылып, ешкім неліктен сол есік жабылғанын білмей, бір кезде свет өшіріліп, өзіміздің үйімізде қамалып қалғанбыз.

Гүлназ Жоланова, актриса:

-Мен төртінші сыныпта ма, үшінші сыныпта ма «Звонок» атты атышулы кино көргенмін. Содан кейін, жарты жылдай қараңғы жерге баруға, кухняға кіруге, жалпы қараңғы жерге кіруге деген қорқыныш болды.

 

Қорқынышты кинотуындылар жанрының, біздің елде де өркендейтініне Нұрлан Батыровтың үміті мол.