Атышулы Айдарқұлов жеке парақшасында «Біз біргеміз!Осымен тақырыпты жабамыз. Қолдағандарға алғыс айтамын. Қара ниеттілірге түкіргенім бар. Мұның бәрі отбасымды сақтап қалу мақсатында жасалды» - деп, Ақботамен қайта қосылғанын жариялаған еді! Ал, актердың алғашқы отбасымен қазіргі қарым-қатынасы қалай?
Дәуреннің қолы қалт етсе екі ұлы мен қызын ертіп, таза ауада серуендеуді жаны қалайды екен. Жеке өмірім қанша қызу талқыға түссе де, балаларымның тәрбиесін естен шығарған емеспін», - дейді атышулы актер.
Дәурен Айдарқұлов, актер:
- Кішкентай кезінде ұрыспаймын. Кішкентай кезінде қатты сөздер айтпаймын. Ұрмаймын... Ал өсе келе, санасы барлығын түсіне бастаған кезде, ақырындап түсіндіре бастайсың. Сол себепті принциптерімнің негізгісі басында еркелету, содан кейін ақыл-кеңесімді беру.
Жуырда ғана экс-жұбайы Айыммен дәм-тұзы жараспай, екі жаққа кеткендерін мәлімдеген Дидар Кәден де ұлымен жиі жүздесіп тұрады. Демалыс күндері Дияр әкесінің қасында...
Дидар Кәден, әнші:
- Жексенбі күндері, демалыс күндері таңертеңнен кешке дейін, ойын-сауық орталықтары бар, қыдыратын жерлер бар жаңағы... Музыкаға жақын, билейді, ән айтады. Енді қандай болғаннан кейін. Әжесі бар... Өзім өнерді таңдағаннан кейін, ұлым да өз жолын өзі таңдайды ғой. Мен әрқашанда қолдап, тек қана қарсылық білдірмеймін.
Ақын мен Жұлдызды жұрт жұптастырып, ақпараттық порталдар балалы болғандарын жарыса жазған еді! Сонда да, Төлепбергеннің ұл-қыздарымен арадағы қарым-қатынасы үзілмеген.
Айқын Төлепберген, әнші:
-Күндіз уақытым босап қалса достарыма звондап, қайдасыңдар, не істейміз, анда-мында барайық деп өткізетін едім. Қазір бір бос уақытым болса балаларыммен өткіземін. Ұлым енді бір кездері әнші боламын деді, бір кездері Майкл Джексон боламын деді. Қазір енді полиция боламын деп жүр.