Сәкен Майғазиевтің кейбір әріптестерінің жеке кеш өткізуге көңілінің қошы жоқ. Өнер иелері, шығармашылығын ысырып қойып, жаңа мамандық иелері атануда. Олардың арасынан психолог, жазушы тіпті балгерді де табасыз...
Отандық сән әлемінің алғашқы қарлығашы Құралай Нұрқаділова, арулардың киген киімі олардың мінез-құлқына тікелей әсер ететіндігіне сенімді. Сондықтан да, талай нәзік жандыға тартымды образ сыйлап жүрген дизайнер ханым, «психолог» мамандығына бет бұрғаным бекер емес дейді.
Құралай Нұрқаділова, дизайнер:
- Мен әйелдер қауымының өзіне деген сенімсіздігімен, керітартпалығымен күресіп келемін. Шамамен 25-жылдай болып қалды. Психолог болғаным да бекер емес шығар. Әрине, бұл саланы көптен бері зерттеп келемін.
Бүгінде Құралай Нұрқаділова бақытын іздеген әрбір әйелге қол ұшын созуға әзір. Ол үшін танымал дизайнер, арнайы тренингтер өткізіп жүрген жайы бар.
«Мюзиколалық» Карина Абдуллина өзгені бақытты етпесе де, болашақты болжайтын балгерлігімен көпшілікке көмектесіп жүргеніне сенімді.
Карина Абдулина, әнші:
- Тарошы карталарын жайып, болжам жасағанда мен оның тілін түсінетінімді ұқтым. Содан кейін, байқап көрейін дедім. Ал, қазір мен арқылы болашағын білгісі келетін жандар жетерлік. Араларында, алғыс айтып жататындары да бар.
«Мистерионстық» сері Дильеннің бұл күндері шығармашылықтан тыс, өзге шаруаларға да ебі бар. Әнші, өзі «танымалдар» қатарынан болса да, спорт шебері Қуат Хамитовтың пиар менеджері қызметін қоса атқарады.
Дильен, «Мysterions» тобының мүшесі:
- Енді, Қуатпен дос болғаныма 5-6 жылдай болды. Негізі ұсыныс ешкімнен түскен жоқ, бірігіп осындай шешім қабылдадық. Спортсмендер көп уақыт алмайды ғой, жылына ары кетсе екі бой болады. Сол екі бойға қатысамын, пиар жасаймыз...
Одан бөлек, сері қолы қалт етсе әлеуметтік желіге шағын әңгімелер жариялап тұруды әдетке айналдырған. Болашақта кітап жазсам дейтін, қаламгерліктен де дәмелі.