Британиялық әйгілі әнші Элтон Джон сахнамен қош айтыспақ. 50 жылдан астам уақыт тыңдарманын әсем әндерімен қуантып жүрген музыкант, маңызды шешімге келмес бұрын ұзақ ойланған көрінеді...
Элтон Джон, музыкант:
- Құмарлықтың кесірінен жаман адамға айналдым. Адамдық қасиет, өзіме деген құрметтен айырылғандаймын. Танымалдылық жақсылығымен қатар, маған кері әсерін де тигізді.
Өмірлік құндылықтарым өзгерді деген ол, бұдан былай отбасы мен балаларына көбірек көңіл бөлуді көздейді. Алайда, One Last World қоштасу турнесінен кейін, әнші сахнаға мүлде оралмаса да, шығармашылығымен ары қарай да айналыса бермек.
Латынамерикалық жұлдыз Энрике Иглесиас болса, сот табалдырығын тоздырмақ! Өнерпаздың Universal Music Group компаниясына өкпесі қара қазандай.
Әнші мен дыбыс жазу лейблы арасындағы дау, ақша мәселесіне байланысты туындаған көрінеді. Энрике Иглесиастың сөзінше, компания поп орындаушының қаржысын «жеген».
Энрикенің ресейлік әріптесі Егор Крид та, сот алдында өзінің ақ екенін дәлелдеп шықты. Өнерпазды белгісіз бір битмейкер, «Папина дочка» трегіне жиендік жасады деп айыптаған болатын.
Тіпті, кінә тағушы Black Star лейблынан, өтемақы ретінде төрт миллион рубль талап еткен еді. Компания өкілдері өз кезегінде, мұндай айыптауларға еттері әбден үйреніп кеткенін жасырмады.