Аида Кəуменова мен Наиль Байкучуков Париж сəн сахнасында топтамаларын таныстырды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Халық əні əуелеп, ұлттық нақыштағы образдар Париждік кірпияз сəнқойларға таныстырылды. Дəл сол Францияда өтіп жатқан Fashion Week-те, топтамаларын таныстырған біздің дизайнерлердің эксклюзивті кадрларын ұсынамыз.

 Бұл алаң - "Шығыс сəн көрсетілімі" деген атқа ие.  Ұлттық нақышты фэшн өндірісте айқын ұлықтай алған дизайнерлер ғана шыға алатын подиум. Египет, Кувейт, Марокко, Түркия, Əзірбайжан, Ұлыбританиялық əріптестерімен қатар биыл Аида Кəуменова, Саят Досыбаев, Наиль Байкучуков пен Динара Сəтжан брендтері топтамаларын таныстыруға мүмкіндік алған.                                

Аида Кəуменованың көрсетілімін Динара Сəтжанның 4 жасар қызы Диана ашты.

Оюмен өрнектеліп, күміспен көмкерілген сәукеле, кəжекей мен бүрмелі көйлектің заманауиланған образдары Париждік сəнқойларға ерекше əсер қалдырғаны анық.       

Динара Сəтжан өз брендінің дизайнері Бауыржан Сағиевпен бірлесе "Байқоңыр" ғарыш айлағанына арналған топтамасын таныстырды.          

Наиль Байкучуков болса, əдеттегінше кешкі көйлектерімен таңдандырды.  Байерлер, сəнқойлар мен фэшн əлемді Əлия Əбікеннің орындауындағы халық əні " Бұлбұл" да ерекше толғантқанға ұқсайды.