Әнші Дидар Кәден мен бьюти блогер Aeko Posh -тың шаңырақтары шайқалғанына біраз уақыт болды. Бірақ, екеуі де мұны жасырып келген-ді. Күні кеше 21 жасын дүркіретіп атап өткен Айым мен Дидардың ат құйрығын үзісулеріне не себеп болды?
Дидар Кәден ,әнші, актер:
– Не себеп дейді? Ол себебін халықтың білудің қажеті жоқ. Ол менің өзімнің құзырымдағы, өзімнің жеке өміріме қатысты сұрақ та. Анамның да айтқан өкініші бар. Бірақ, бұр өмір...
«Отбасымның ойранын шығарған жәйтті жұрттың бәрі білгісі келеді» - дейді сері. Бірақ, Айым екеуі орталарын үзген жағдай жайлы өзгеге жақ ашпауға уағдаласқан. Дегенмен, Дидар күні кеше экс-жұбайын туған күнімен құттықтап, сый-сияпатын тарту еткененін жоққа шығармайды. «Ұлымның анасымен жылы қарым-қатынас сақтап қалу маңызды», - дейді ол.
Дидар Кәден ,әнші, актер:
– Біріншіден адамгершілік, екіншіден заң бар! Үшіншіден дұрыс қарым-қатынас қой.
Тіпті, «құлаған шаңырағының еңсесін қайта тіктесем» деген ниеті де жоқ емес.
Дидар Кәден ,әнші, актер:
– Әрине, жақсылыққа ұмтыласың ғой. Бірақ, кесіп айта алмаймын.
Бірнеше жыл бұрын, тәп-тәуір әншілік мансабын бастаған Дидар, орта жолда кідіріп қалғанды. Бұған қаржы тапшылығы қолбайлау болған.
Дидар Кәден ,әнші, актер:
– Үйіме ұрылар түсті. Одан кейін, енді жағдайымыз жәймендеп келген кезде көлігім ұрланды. Ұрылардың екі жыл қорегі болдым. Үйлендім, оған да кетті. Дүниеден әкем өткеннен кейін, өзіме сөз бердім. Бір жыл сахнаға шықпай-ақ қояын деп.
Дегенмен, ол сахнаға қайта оралады. Алғашқы жұмысын Ақбота – Нұр Сейтмағанбетпен дуэт айтудан бастамақ. Бірақ, қос ажырасқан әншінің біріккен жұмысы түрлі қауесеттің өршітетінін де жоққа шығармайды.
Дидар Кәден ,әнші, актер:
– Бұл хайп та емес, пиар да емес. Жастардың арасынан да бір дуэт шықсыншы...
Олардың ортақ жұмысының нәтижесіне көктемде баға бере аласыз.