Сенсация іздегендер күні кеше үшінші перзенттерін қолдарына алған Канье Уэст пен Ким Кардашьянның қыр-соңынан қалар емес. Бәрі де, жаңа туған сәбилерінің суретін сатып алуға қомақты қаржы ұсынған. Таңқаларлығы, жұлдызды жұп бұлай қалтаны қалыңдатудан үзілді – кесілді бас тартып отыр.
Ханшайымдарының эксклюзивті суретін жариялауға құмартқандар екі миллионнан бес миллион долларға дейін қаржы ұсынған. Бірақ, Ким мен Канье сәбилерінің алғашқы кадрларын саудалауға мүлде қарсы. Бұған дейін, Норт пен Сейнттің де фотоларын өздері әлеуметтік желідегі аккаунттары арқылы жариялаған болатын.
Бұл сәби Канье Уэст пен Джей Зи арасындағы жанжалға да нүкте қойды. Рэпер жары Бейонсемен бірге, жаңа туған нәрестеге деп, құны 20 мың долларлық білезік тарту етіпті.
Кэтти Перри жыларман хәлде! Сылқым көптің айыптауларынан шаршадым деп шағымданды. Жұрт әншіге пластикалық ота жасатқансың деп жиі айтады екен. Кэтти мұны жоққа шығарса да, сөзіне ешкім сенбеген. Керісінше, ескі суреттері мен қазіргі бейнесін салыстырып, тақырыпты өршіте түсуде.