Карина Абдуллина жанкүйерлерін жағажайдағы жарқын образдарымен қуантуға қауқарсыз. Қымбат демалысты оның қалтасы көтермейтін көрінеді. Қаржыдан қиналған әнші, енді демеуші іздеп жүр!
Өзінің 42-жасын Карина Абдуллинаға шағын сахна төрінде атап өтуіне тура келген. Кезінде «Мюзиколаның» дәурені жүргенімен, бұл күндері әншінің туған күнін дүркірете тойлауға шама-шарқы жетпейді.
Карина Абдуллина, әнші:
-Қаржылай көмектесетін жан табылып жатса, Республика сарайында жеке кешімді өткізгім-ақ келеді. Демеуші іздеймін! Өз ақшамның ештеңеге жетпейтіні айдан анық. Ал, Таро карталары арқылы көп қаражат жинай алмайсың.
Абдуллинаның тілге тиек еткен Таросы - арнайы балгерлік карталар. Кенеттен өзінің бойынан ерекше қасиетті байқаған бикеш, соңғы күндері көріпкелдік арқылы табыс тауып жүргеніне еш қымсынбайды.
Карина Абдуллина, әнші:
-Маған көп адам келе бастады. Тіпті жүздеген жан, көмегіме жүгінді десем де болады. Арасында алғыс айтып жатқандары жетерлік.
Әншінің желідегі парақшасына жалаңаш ер азаматтың фотоларын ара-тұра жариялауы, жанкүйерлерін таңқалтқаны тағы бар. Абдуллина ханымға таңғы ас әзірлеп жүрген бейтаныс жігіттің кім екені, әркімге де қызық.
Карина Абдуллина, әнші:
-Басым бос әйелмін, тұрмыста емеспін. Сондықтан не істесем де өзім білемін. Әдемі еркектерге көз тігіп, ұятты ұсыныстар білдіруге де құқым бар. Өмір қысқа, оны ерекше қылып сүруіміз керек.