Жыл басындағы шоу бизнестің қарқыны сәл саябырсыған сәтті пайдаланып, жұлдыздар шетелге аттануда. Әлеуметтік желілер арқылы жағажайдан «жалынды» суреттерін жолдауды да ұмыт қалдырып жатқан жоқ. Біз, инстаграмдағы «Ревюньюс» фолловерлерінің дауысына салып, олардың үздік образдарын анықтаған едік.
Жаңа жылдық уик-эндтерін теңіз жағалауында, күнге қыздырынып өткізуді қалаған жұлдызды сылқымдар биыл да аз болған жоқ. Олардың жағажайдағы образдары да сан – қилы.
Сондықтан, біз «Ревюньюстің» инстаграмдағы парақшасында сахнадағы бұрымдылардың стилін сарапқа салғанбыз. Баян Алагөзова, Сая Оразғалиева, Жұлдыз Өмірғали, «Юфреймдік» Карина Өксікбаева, «Кешьюлік» Назым мен Елизат һәм Мақпал Исабековаларға 450-дей фолловер өз дауыстарын жолдап, пікір қалдырған-ды.
Сонымен, қай жұлдыздың образы көптің көңіліне қонымды көрінді? Үздік үштікті – Мақпал Исабекова ашты. Әншіні – 51 жан қолдаған.
Бүкіл «Есентай продакшн» ұжымын, һәм күйеуі Тұрсын Алагөзовті ертіп Тайландтың Паттая аралдарына аттанған Баян ханым екінші орынға жайғасты! Көпшілік продюсердің мінсіз мүсініне қызығады.
Бүгінгі сайыстың жеңімпазы – Сая Оразғалиева! Бүгін ғана Шарм эль шейхтен елге оралған арудың образын, 121 оқырман қолдап, дауыс берген. Құттықтаймыз!