«Астана» клубы Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне тұңғыш рет шықты! Елордалық команда Чехияның «Славия» командасын сырт алаңда тізе бүктірген еді. Еурокубоктік бұл маусымда «Астана» командасы қыруар қаржы да тапты. Серік Ноянбайұлы толықтырады.
Ұлы Жеңіс күні! Тарихи жетістік! Сенсация! Бұл «Астана» командасының айтулы жеңсінен кейінгі Қазнетте ұран сөздерге айналған құттықтау жазбалары. Қай-қасысы болсын елордалық команданың айбынына ажар қосады!
«А» тобындағы шешуші ойын өткен Праганың «Эден Арена» стадионына чех жанкүйерлері лық толды. Еуропа лигасының топтың кезеңіне шығу жолдамасын «Астана» мен жергілікті «Славия» сарапқа салды. Алғашқы таймды шабуылмен бастаған прагалықтар бар күшін жұмсады.
Дегенмен, елордалық ұжымға жеңіс сыйлаған голды, 38-ші минутта Марин Аничич соқты. Есеп 1:0! «Астана» осылайша қазақ футболының тарихында, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққан тұңғыш команда атанды.
Станимир Стоилов, «Астана» ФК бас бапкері:
-Менің футболшыларым – нағыз қаһармандар! Олар қазақ футболының тарихында қалды! Осы жолы ұйымшылдықпен ойнадық. Бұл біз үшін ақырғы айналым емес деп сенемін, тілегім финалға дейін жету.
Ярослав Щилгавы, «Славия» ФК бас бапкері (Чехия):
Өз алаңымызда жеңілу әрине өкінішті! Мені бұл матчтың нәтижесі алаңдатады, бір жеңіліс біздің нашар команда екенімізді көрсетпейді.
«Астана» Еуропа лигасының 1/16 финалында «Арсенал, Милан, Атлетико» сынды клубтардың қарсыласы атануы мүмкін. Елордалық футбол ұжымы осы еурокубоктік маусымда әзірге - 8 млн 180 мың еуро ақша тапты. Сонымен қатар, Прагадағы жеңіс «Астана» командасын УЕФА-ның клубтық рейтингінде 67-ші орынға көтерді.