Меруерт Түсіпбева бірнеше рет тұрмыс құрып, дүркірете той жасаған жұлдыздарды қатал сынады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Атышулы Меруерт Түсіпбаева тағы да өткір пікірімен көзге түсті. Бұл жолы оның шамына тиген бірнеше рет тұрмыс құрып, қуанышын дүркірете атап өтетін жұлдыздар. Соңғы кездері қалыпты көріне бастаған бұл үрдіске, өнер иесі мүлдем қарсы.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

-Біз өзіміздің ата-бабабмыздан қалған ырым, және традиции содан біз алыстамауымыз керек. Егер қазір біз балаларға, жасөспірімдерге, тіпті өнер адамдарға инстаграмға салады, бір рет шықса да үш рет шықса да, ақ көйлегін киіп, беташарын жасап... Оның барлығы біздің жастарға берілген өте нашар пример.

Бірнеше рет келін атанып, бұл қуанышын жұртқа жариялайтын жұлдыздарды Түсіпбаева түсіне алар емес. О заман да, бұ заман арулар екі рет ұзатылмаған дейді әнші.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

Құдай сақтасын, біздің бір өнер адамы екі баласымен беташар болған. Сондай мен білемін, мен оны түсінбеймін, мүлдем! Ол қайдан келген ырым, қайдан келген теория. Біздің ата-бабамыз ешқашан оған жол бермеген.

Салт-дәстүрді нық ұстануымыз керек деген Меруерт Түсіпбаеваға, әріптестерінің өз жауабы бар. Жазира Байырбекова, бірнеше рет тұрмыс құрмаса да, тағдырдың сан алуан қиындықтарына төзген аруларды  жақтайтынын айтты.

Жазира Байырбекова, әнші:

-Өнердегі қыздардың тағдырына тиіспесе екен деймін. Олай айтуға қорқу керек, өйткені әркімнің ұрпағы бар. Болашақта ол ұрпағының қалай болатынын білмейді.

Шахизада, әнші:

-Негізі адамның көңілі, пейілі түзу болса, жақсы ой болса, ажырассын, күйеуге шықпаған болсын ондайға қарамау керек.

Қамшының сабындай қысқа өмірде өзгені қаралаудан аулақ болуға шақырған Шахизада, маңдайыңа жазған тағдырдан қашып құтыла алмайсың дейді.