Допинг-дау кесірінен Ресей спортшылары 2018 жылғы қысқы Олимпиададан шеттетілді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Допинг-дауы Қазақстанның атақты спортшыларын бірнеше  медальдан қаққаны есіңізде болар. Енді Ресей құрамасы, 2018 жылы Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиада ойындарынан шеттетілді. Жаһандық ақ аламанда орыс спортшылары әнұранын шырқап, туын көтеріп жүре алмайды.

 

2014 жылғы Сочи Олимпиадасынан басталған допинг-дауға байланысты бұл зерттеу 17 айға созылды. Ақырында Халықаралық Олимпиада Комитеті Ресейді 2018 жылы Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиада ойындарынан аластады.

Томас Бах, Халықаралық Олимпиада Комитетінің төрағасы:

-Ресейлік жекелеген 2017 атлеті өз атынан немесе Оңтүстік Корея құрамасының сапында ғана қысқы олимпиадаға қатыса алады. Командалық спорт түрлерінің спортшыларын тек Ресейлік команда деп атауға болады. Бірақ олар Олимпиада туының астында шығады.

Пхенчханда өнер көрсететін ресейлік спортшылар Олимпиада ойындары алдында талап етілетін барлық сынамалар мен тексерістерден сәтті өтуі тиіс. Мемлекеттік туымен шыға алмайды, әнұраны шырқалмайды!

Томас Бах, Халықаралық Олимпиада Комитетінің төрағасы:

-Бұл масқара шешімнің ертең оң нәтижесі болып, жаһандағы спорт тазарады деген сенім бар. Сонымен қатар, жетілген антидопинг жүйесін жасауға мүмкіндік бермек.

Орыс жұрты бұл жайтқа ашық наразылық білдеруде. Себебі, бұған дейін Ресейдің 25 спортшысы, өмір бойына Олимпиада ойындарына қатысу құқығынан айырылды. Ресейлік Олимпиада Комитет тәуелсіз допингтік-тестке  кеткен 15 млн доллар шығынды да өтеуі керек. Бұл зерттеуде 2012-2015 жылдар аралығында мыңға жуық ресейлік спортшы, 30 спорт түрінен мемлекеттік допинг бағдарламасының арқасында жеңіске жеткені айтылған.