«Арман» фильмі жарық көрген күннен бастап, Жұлдыз Әбдікәрімованың өмірі күрт өзгерген. Қайрат Нұртастың аяулы жары, осылайшы бір сәтте танымал тұлғаға айналып шыға келді. Тіпті, шоу-бизнес өкілдері, жұлдызы жаңадан жанған ару жайлы қызу талқылау үстінде. Өнер өкілдерінің пікірі қандай?
Нұржан Керменбаев, әнші:
-Менің естуімше Қайрат, Атырауда ма, батыс жақта бір қалада концерт бермекші екен. Сол жақта Жұлдыз, жалпы келіншегі кештің жүргізушісі ретінде барады екен. Мен ойлайм, анасы Гүлзира әпке Қайраттың анасы, ол кісі жақсы бағыт алды баяғыда. Сол бағытпен әдемі келе жатыр.
Қап Қарашка осылайша, Жұлдыздың әп-сәтте танымал болуы, Гүлзира Айдарбекованың ұтымды шешімінің нәтижесі дейді. Әріптесінің сөзіне, «Жігіттер» тобының әншісі Ердос та қосылады.
Ердос Қанаев, «Жігіттер» тобының әншісі:
-Қайраттың жұбайының, Жұлдыздың өте талантты екенін, мен осы күнге дейін білмеген екенмін. Мына киносын қарап шықтым бастая-аяқ, өте талантты. Кәдімгідей өзінің рөлін ашып берген.
Алайда, Ердос Қанаев айрықша қабілет-қарымына, елден ерек дарынына қарамастан, әйел затының сахнада емес, отбасының жанында, ошақ қасында отырғанын жөн көреді.
Ердос Қанаев, «Жігіттер» тобының әншісі:
-Маған салсаңыз мен өзім әйел адамның, қатты өйтіп көп жүргенін құптай бермеймін. Мен өзім де сол жолдамын. Келіншегімді актриса, я болмаса әнші ретінде шығармағам. Сол үйдің түтінін түтетіп...
Шоу-бизнес өкілдерінің арасында, Жұлдыз Әбдікарімованың жаңа жанкүйерлері де жоқ емес...
Мәдина Сәдуақасова, әнші:
-Өнерде көргім келеді, Қайраттың жанында да көргім келеді, ол өте ақылды қыз. Сондықтан да, менің ойымша ол екі жолды да алып жүре алатын қыз.