Бүгінде Ақботаның атағы аспандап тұрғанымен, бикеш жұлдызды патилерде жиі бой көрсетпейді. Тіпті, отандық шоу-бизнестегі бұрынғы құрбыларымен де қарым-қатынасы көңіл қуантарлықтай емес деседі... Неге?! Әртістер жүрген жерге бас сұқпайтын Сейітмағамбеттің сырын өзінен сұрап көрдік.
Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:
-Құлақ тыныш болсын дейтін шығармын. Қалжың! Босанған соң шоу-бизнестің отырыстарында көп болмаймын. Өзім енді ғана шығып жатырмын. Таңнан кешке дейін баламды, біреудің қолына беріп қоя алмаймын. Сондықтан өзімді ондай іс-шаралардан тиюға тура келеді.
Ақботаның әріптестерімен арасы алшақтағанымен, жас ананы өмірдегі достары әрдайым демеп отырады екен. Сондықтан болар, тағдырдың түрлі сынағынан ерте ысылған талантты қыз, қиын кезде жанынан табылған құрбыларына дән риза!
Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:
-Шоу-бизнестен қарағанда өмірдегі достарым көп қолдайды. Көмек көрсетеді. Қиналғанда жанымнан табылады.
Отандық шоу-бизнесте де достары жоқ емес! Бірақ, Сейітмғамбеттің сөзіне сенсек санаулы ғана сияқты.
Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:
-«Кешью» тобындағы Балжан, Жұлдыз, Ержан, Әли. Айта берсем көп, достарымның бірі.
Айтпақшы, декреттік демалыстан кейін Ақбота әншілік мансабын қайта қолға алатынын айтқан-ды! Бірақ, бұл сертін орындауға келгенде көңілі салғырттық танытып жүрген сыңайлы.
Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:
-Өзімнің жеке өмірімде біраз өзгерістер болған соң, ән де жайында қалды, бейнебаян да жайында қалды. Көңіл-күйіме қарай... Қалай менде шабыт оянады, қалай менде көңіл-күй жақсы болады. Сол кезде менің бейнебаяным да, жаңа әндерім де қатарынан шығады деген ойдамын.