Сәкен Майғазиев Жазираның Жанболатымен жолдас болып жүріп, талай таяқ жедім дейді. Он шақты зіңгіттей жігіт, екеуін қан-жоса етіп сабап тастаған. Ал, Марат Оралғазин, жатақханадағы қыздардың балконына өрмелеймін деп, бесінші қабаттан құлап жазым бола жаздапты...
Әлбетте, бұл ұмытылмас шақтарды жұлдыздар қазір жымиып қана еске алады. Бүгін – Халықаралық студенттер мерекесіне орай естеліктерімен бөлісті.
Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:
– Бір күні Жанболат екеуміз отырсақ есікті тақылдап әкетіп бара жатыр. Басқа бөлменің, естіп қалдық. Сыртқа шықсақ бір жігіттер топырлап қыздардың есіктерін теуіп жүр екен біздің. Жанболат екеуміз барып, ей сендер кімсіңдер деп білегімізді түріп, екеумізді быт-шыт қып сабағаны бар ма?! «Физкультурныйдың» жігіттері аямай, көк-ала торғайдай ғып сабап екеумізді, быт-шыт қылып, он шақты бала. Қайдан білейін, Жанболаттың күшіне сендім ғой мен.
Сәкен Майғазиевтің таяқ жеуінің бас-аяғы бұл емес. Студенттік досы Жанболат Ербатыровпен жүріп, қан-жоса төбелестің талайын көргенді.
Сәкен Майғазиев, «Музарт» тобының әншісі:
– Жанболаттың туған күнінде міндетті түрде төбелес болатын. Бір күні шештік, Жанболат давай еш жерде тойламаймыз, өзіміз жатақханада өзіміз ғана отырайықшы, екі жыл қатарынан төбелес болып келе жатыр ғой, сенің туған күніңде, енді осы үшінші жылы өзіміз ғана отырайықшы деп, өз-өзімізбен төбелесіп қалғанбыз.
Қазақстан Британ университетінің грантын жеңіп алған, «Ринголық» Аян Бірбаевты оқудан шығып жіберген екен.
Аян Бірбаев, «Ринго» тобының әншісі:
– Көбінесе бармай қаласың ерініп, ұйықтап қалып деген сияқты. Одан кейін, емтихан уақыттары болған кезде жатақханаға барасың, кәдімгідей пішінәңді бірнәрсеңді арқалап барасың. Қыздарға ақырындап, жұқалап қыздар маған мына жерді айтып жіберіңдерші, мына жерді көмектесіп жіберіңдерші деп.
Жеті жыл бойы Қазақ Ұлттық Университетінің үздік әрі белсенді студенті болған, Марат Оралғазиннің де «бүлдіргені» көп.
Марат Оралғазин, актер:
– 11-ден кейін общежитиеге кіргізбейді. Покрываломен, простынямен 5-ші этажға көтеріліп, қыздармен түні бойы гитара ойнап, ән айтып. Қауіп емес, керісінше адреналин ғой.