Ақбота ұзатылды! Сейітмағамбеттің сезімін селт еткізген сері кім?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы бір жылда жеке өмірі жиі талқыға түсетін Сейітмағамбет, ізінен ерген қауесеттердің нүктесін қоймақ. Бүгінде сүйіктісін жолықтырып, жаңа өмір бастаған бикешті, күні кеше ет-жақындары ұзатты. Ақботаның қуанышына біздің ұжым да ортақтасып қайтқан еді.

Дәл осы фотолар желіге жүктелген сәтте, Қазнет «Ақбота екінші мәрте тұрмыс құрды», - деп топшылаған. Алайда, атышулы актриса бұл кезекті картинаның түсірілімі екенін кесіп айтты.

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

-Қазір менің ұзатуымды тойлап жатырмыз. Ешқандай да «басқа біреуге тұрмысқа шығып кетті, ұзатылып жатыр, Дидармен қосып жатыр», деген әңгіме болмас үшін өзім айта кетейін. Мен басты рөлдің бірі, Ажар деген қыздың образын сомдап жатырмын.

Сейітмағамбет бой көрсететін бұл фильм, орыс тілінде таспалануда. Қазақы ортада өскен Ақбота үшін, жүктелген жұмысы қаншалықты қиын?

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

-«Здравствуйте, как у Вас дела?» осындай-осындай кішігірім аз ғана сөздер. Қиын сөздер болса, режиссер өзі келіп көмектеседі. Бірақ нөл пайыз орыс тілін білмеймін деп айта алмаймын.

Ақботаның кино әлеміндегі дебюті де, орыс тіліндегі картинадан бастау алған! Сондықтан болар, түсірілім алаңында тіл мәселесіне бас қатырып жүрген жоқ.

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

-Өсіп-өнген жерімде мысалы тек қана қазақ тілін оқыдық. Орыс тіліне қатты мән бермегендіктен болар. Бірақ, продюсерім де орыс тілінде сөйлесті ғой бізбен. Сондықтан да, үйреніп 80-90 пайызға өзгерістер бар деп айта аламын.

Таяуда Ресейде өткен кинофестивальдің бірінде, дәл осы «Гламур для дур» фильміндегі образы үшін, «Үздік актриса» номинациясын еншілеген еді. Ақбота бұл жетістігін алдағы уақытта да қайталауға ниетті.

Ақбота Сейітмағамбет,  әнші, актриса:

-Мен үшін үлкен жігер берді. Қанатымды ары қарай самғай беруіме көмектесті деп айтсам болады. Бұйырса тағы да, қазақи жанрдағы кинода көріп қалуларыңыз мүмкін. Ол әзірге құпия бола тұрсын.